• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:14:44
Алматы
+35°

BBC Қытай АҚШ-ты басып озып, 2028 жылға қарай әлемдегі ең ірі экономикаға айналатынын хабарлады. Бұл бұрынғы болжамды уақыттан бес жыл ерте.

Ұлыбританияда орналасқан Экономика және бизнесті зерттеу орталығы (CEBR) Қытай Covid-19-ды "шебер" жөнге салу арқылы алдағы жылдары салыстырмалы өсімін арттырады дейді.

Сонымен қатар Үндістан 2030 жылға қарай үшінші ірі экономикаға айналады.

CEBR өзінің экономикалық лигасының кестесін жыл сайын 26 желтоқсанда шығарады.

Қытай Covid-19 соққысының алғашқы елі болғанымен, ол ауруды жедел және өте қатаң шаралар арқылы бақылап отырды және Бейжің еуропалық елдер сияқты экономикалық тұрғыдан дәрменсіз ететін шараларды қажет етпеді.

Нәтижесінде, басқа ірі экономикалардан айырмашылығы, Қытай 2020 жылы экономикалық рецессияны болдырмады және іс жүзінде биыл 2% өседі деп болжануда.

АҚШ экономикасы, керісінше, пандемиядан ең ауыр зардап шеккен ел қатарына кірді. АҚШ-та 330 мыңнан астам адам қайтыс болды және 18,5 миллионға жуық ауру жағдайы расталды.

Ақша-несие саясаты мен зор көлемді бюджеттік ынталандыру елдің экономикалық зардабын жеңілдетеді, бірақ жаңа ынталандыру пакеті туралы саяси келіспеушіліктер жаңа жылда шамамен 14 миллион жұмыссыз америкалықты төлемдерсіз қалдыруы мүмкін.

"Біраз уақыттан бері жаһандық экономиканың негізгі тақырыбы АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық және жұмсақ күштер күресі болды. Covid-19 пандемиясы және соған сәйкес экономикалық құлдырауы бәсекелестікті Қытайдың пайдасына шешті" делінген CEBR баяндамасында. 

Баяндамада "2021 жылы пандемиядан кейінгі күшті өрлеу" аяқталғаннан соң АҚШ экономикасы 2022-24 жылдар аралығында жыл сайын шамамен 1,9% өсетіні, содан кейінгі жылдары 1,6%-ға дейін баяулайтыны айтылған.

Керісінше, Қытай экономикасы 2025 жылға дейін жыл сайын 5,7%, ал 2026-2030 жылдар аралығында 4,5% өседі.

"Қытайдың әлемдік экономикадағы үлесі 2000 жылы небәрі 3,6%-дан қазір 17,8%-ға дейін өсті және 2023 жылға қарай ел "жоғары кірісті экономикаға" айналады" делінген хабарламада.

"Қытай экономикасы Covid-19-ды бақылаудың пайдасын көріп қана қоймай, сонымен қатар дамыған өндіріс сияқты салаларға бағытталған агрессивті саясатты құра алады" деп мәлімдеді CEBR төрағасының орынбасары Дуглас МакВильямс.

– Олар бір деңгейде орталықтандырылған бақылауға ие болуға тырысатын сияқты, бірақ басқа салаларда мүлдем еркін нарықтық экономика. Еркін нарықтың бөлшегі оларға технология сияқты салаларда алға жылжуға көмектеседі, – деді ол BBC-ге. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір