• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:10:29
Алматы
+35°

Ішкі істер министрлігі мереке қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес алдағы мерекелер қарсаңында Қазақстанның ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.

Полиция құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді. Құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға жедел ден қою үшін мереке күндері полиция автопатрульдерінің, көшелердегі полиция жаяу нарядтарының саны артады. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданып жатыр.

"Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу мақсатында тексерулер жүргізіледі. Оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау қажет. Мереке қарсаңында ІІМ тұрғындарды карантин шаралары мен денсаулық сақтау ұйымдарының ұсыныстарын қатаң ұстануға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, өз мүліктеріне сақ болуға шақырады. Қалта ұрлығына жол бермеу үшін құнды заттарды көзге көрінетін жерге қоймаңыз, әмияндарыңызды киімнің ішкі қалтасына салыңыз" делінген министрлік мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ІІМ төмендегілерді рекомендтейді:

- Мереке күндері барлық есіктерді құлыппен жабу керек.

- Қонаққа кеткен кезде көршілерге үйіңізді қарап қоюды тапсырып қойған жөн. Егер кіреберісте есікті ашуға тырысып жатқан бейтаныс адамды көрсеңіз, полицияға қоңырау шалу қажет.

- Пәтерге аз танитын және бейтаныс адамдарды кіргізуге болмайды.

- Заттарыңызды автомобильдің жүксалғышына салып жатқан кезде, сөмкелерді салонда қараусыз қалдырмаңыз. Көлікті тұраққа қалдырған кезде, есіктер мен терезелердің жабық екенін тексеріңіз.

- Жаңа жыл алдындағы акциялар кезінде интернет-алаяқтық көбейеді.

- Онлайн сатып алу кезінде тексерілген сайттарды пайдаланыңыз. Фишингтік сайттардың құрбаны болмау үшін сайттың мекенжай жолағында дұрыс жазылуына назар аударыңыз.

- Жарақат пен өрттің алдын алу үшін пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір