• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:41:17
Алматы
+35°

Бүгін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласына кіреберісте жел генераторынан өрт шықты, деп хабарлады Лада басылымы.

Сайт мәліметінше, оқиға туралы ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне 31 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да келіп түскен. Форт-Шевченкоға кіре берісте жел электр станциясында №24 жел генераторында өрт шыққан.

– Түпқараған ауданы өрт сөндіру қызметінің екі техникасы мен сегіз өрт сөндірушісі дереу оқиға орнына барды. Өрт сөндірушілер механикаландырылған бекет қойды. Алдын ала себеп – қысқа тұйықталу, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыров.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өрт Маңғыстау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір