• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 21:20:28
Алматы
+12°

Америка Құрама Штаттары Миссури штатының сенаторы Джош Хоули Байденнің сайлаудағы жеңісіне қарсы шықты. Ол  президенттік сайлаудағы жаппай алаяқтық мәселесіне байланысты және сайлаудың тұтастығына қатысты түйткілдер бар екенін айтты.

Конгресстің төменгі палатасы саналатын өкілдер палатасындағы республикашылдар тобы да сайлау нәтижелерімен келіспеуді жоспарлап отыр.

Қараша айындағы президенттік сайлау нәтижесіне сәйкес Джо Байден 306 дауысқа, Дональд Трамп 232 дауысқа ие болған.

6 қаңтарда конгресс дауыстарды растауы керек. Жаңа сайланған президент пен вице-президент ант беретін инаугурация күні 20 қаңтарда өтеді.

Дегенмен ресми сайлау нәтижесі бойынша жеңілген Трамп бірнеше рет "дауыс беру кезінде бұрмалаушылықтар болды", "жаппай алаяқтыққа жол берілді" деп мәлімдеді. Алайда президенттің нәтижелерді жою жөніндегі әрекеттерін соттар қабылдамады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Байден сенатор

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір