• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:06:14
Алматы
+35°

АҚШ-тың ресми өкілі Тегеран Таяу Шығыстағы америкалық күштерге немесе Вашингтонның одақтастарына шабуыл жасауды жоспарлауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Пентагон шенеуніктерінің айтуынша, 3 қаңтарда Иран генерал Касем Солейманиді еске алмақ.

Аты-жөнін айтпауды өтінген АҚШ шенеунігі Иранның "ниетін білу қиын және кейде алдын ала болжауға келмейтінін" мойындады.

"Бірақ көрсеткіштер байыпты түрде қабылдануда" деді ресми өкіл. Ол тағы Кассем Солеймани өлтірілгеніне бір жыл толуға санаулы күндер қалғанын ескертті.

Солеймани 2020 жылы 3 қаңтарда америка күштерінің дрондармен шабуылы кезінде қаза тапты. Бірнеше күннен кейін жауап ретінде Тегеран Ирактағы АҚШ күштерін зымырандармен атқылады.

Кұдыс күштерінің командирі генерал-майор Касем Солейманидің өлтірілуі Вашингтон-Тегеран арасындағы қысымды күшейтіп, жанжалдың пайда болу үрейін тудырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Иран АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір