• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:30:33
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны неліктен салдырмағанын түсіндірді.

– Ресейлік, отандық вакцинаны салдырмадым. Қазір сынақтың қорытындысын күтіп отырмыз. Қазақстанда ресми түрде тіркеліп, жаппай қолданысқа енгізілген соң алғашқылардың бірі болып вакцинаны салдырамын. Ресейлік вакцина немесе отандық вакцина ма онда тұрған ештеңе жоқ. Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестердің жартысы отандық вакцинаны, жартымыз ресейлік вакцинаны салдыртамыз. Яғни екі вакцинаның да қауіпсіз, тиімді екенін көрсету үшін. Бірақ біз вакцинаның ресми тіркеуге алынғанын күтіп отырмыз, – деді ол.

Алексей Цой басқа министрлер мен әкімдердің вакцина салдырып жатқанына қатысты пікір білдірді. 

– Әріптестеріміздің вакцина салдырып жатқаны жақсы. Алайда денсаулық сақтау министрі вакцина салдырса, бұл халықты екпе егуге шақыру болып саналады. Демек, вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екені дәлелденген деген сөз. Соған байланысты біз медициналық қызметкер ретінде вакцинаның кепілденген, анық нәтижесін күтуіміз қажет. Қазір клиникалық сынақтың бірінші және екінші фазасында қауіпсіз әрі тиімді деген қорытынды шықты, – деп атап айтты министр.

Айта кетейік, бұдан алдын Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, президент кеңесшісі Ерлан Қарин қазақстандық вакцинаны салдырған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір