• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:35:10
Алматы
+35°

Қытайлық минерал су өндіретін магнат, миллиардер Чжун Шаншан жаңа рекорд орнатуда, деп хабарлады Forbes.

Bloomberg Billionaires индексіне сәйкес, Қытайда бөтелкедегі су өндіретін Nongfu Spring Co. компаниясының төрағасы Чжун Шаншан қазір Coca-Cola компаниясының ең ірі инвесторы Уоррен Баффетке қарағанда бай. Өйткені қытайлық магнаттың байлығы жыл басынан бері 13,5 миллиард долларға артып, сейсенбіде 91,7 миллиард долларға жеткен.

66 жастағы Чжун қазір ғаламшардағы алтыншы дәулетті адам болды. Nongfu акциялары 2021 жылдың алғашқы екі сауда күнінде 18%-ға көтеріліп, қыркүйек айындағы листингтен бастап авансты 200%-дан жоғары деңгейге жоғарылатты. Ал сәрсенбіде акциялар 0,7% пайызға қымбаттады.

Жергілікті жерде клубтық бизнес-топтарға немесе саясатқа араласпағаны үшін "Жалғыз қасқыр" деген лақап атқа ие болған Чжун вакцина жасаушы Beijing Wantai Biological Pharmacy Enterprise Co. компаниясын сәуір айында меншігіне алды. Ал оның акциялары 2800%-ға өсті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір