• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:11:51
Алматы
+35°

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы kazgidromet.kz хабарлады. 

8 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Дауылдың ықтималдығы Батыс Қазақстан облысында 85-90% құрайды, кей жерлерде тұман түсіп, қар жауады деп күтілуде.

Оңтүстік-шығыста, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

7-9 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 7 қаңтарға қараған түні облыста аяз 25 градусқа жетеді. 

7-9 қаңтарда түнде Қарағанды ​​облысында 37 градустық аяз күтіледі. 6-8 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман болуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір