Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің жаңа тизері жарияланды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында жазды. 

– 8 қаңтарда сағат 21:45-те "Хабар" телеарнасында "Штрихи к портрету" деректі фильмінің жалғасы шығады. Фильмнің үшінші сериясында саясат туралы сұрақтар аз болады. Жеке басына және бұрын белгісіз болған тақырыптарға қатысты сұрақтар қойылады, – деп жазды ол.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы, оның көпшілік біле бермейтін қырын ашып көрсететін "Штрихи к портрету" деректі фильмі 1 желтоқсаннан бастап көрсетілді.

– Кешіру керек. Мейірімді болу керек. Адамдарға көмектесу керек... Бұл немереме қатысты үлкен өкінішім бар, – дейді Назарбаев фильм үзінділерінде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев фильм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір