• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:16:29
Алматы
+35°

Парламент мәжілісі сайлауына бойкот жариялаған азаматтық белсенді Жанболат Мамай мен оның жақтастары Алматыдағы республика алаңы маңында митинг өткізіп жатыр.

Республика алаңындағы ескерткішке қарай беттемек болған 20 шақты белсендінің жолын арнайы жасақ бөгеп, ескерткішке қарай жібермей, қоршап алды. Олардың арасында белсенділер Жанболат Мамай мен Абзал Достияров және журналист, "Oyan Qazaqstan" қозғалының өкілі Әсем Жәпишева бар.

Қоршаудағы белсенділер "Сайлауға бойкот", "Назарбаев кетсін" деп ұрандатуда.

Митингшілерді тарауға шақырмақ болған прокуратура мен Алматы қаласы әкімдігі өкілдерінің даусын шерушілер естіртпеді.

Алаңға жиналған заматтық белсенділер қатары біртіндеп көбейіп жатыр.

Митинг өтіп жатқан тәуелсіздік алаңы мен сол жерге жақын маңайда ұялы байланыс нашар, интернет мүлдем істемейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір