• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:48:17
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайтынын, алда реформалар туралы ұлттық кеңес отырысы өтетінін айтты, деп жазады "Хабар 24".

– Реформалар дайындалып жатыр. Реформалар тоқтап қалмауы тиіс. 15 қаңтарда парламентте сөз сөйлеп, оның ішінде мәжілістің жаңа құрамына да үндеу жасаймын. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп, онда реформалар мәселесіне қатысты өте салмақты әңгіме қозғалады, – деді ол.

Президент сондай-ақ сайлаудан үкімет отставкаға кететінін мәлім етті.

– Үкіметке қатысты айтар болсам, біздің заңнамамызға сәйкес, ол отставкаға кетуі тиіс. Сайлау аяқталғаннан кейін таяу уақытта премьер-министрдің, сонымен қатар үкімет мүшелерінің кандидатуралары бойынша депутаттардың жаңа құрамымен, фракция басшыларымен кеңесу үшін парламентке барамын, – деді президент.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір