"ADAL" партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партия атынан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлерге дауыс берген сайлаушыларға алғыс айтып, экзитпол нәтижесі туралы ойын бөлісті.

Оның айтуынша, сайлауалды кезеңде басталған жұмыс бұдан әрі де жалғасады.

–  Бұл тек сайлау үшін емес, бұл партия халыққа берген уәделерін қалай орындау керек, соның жолымен жүретін партия. Бұл бүгін халыққа өте керек партия. Экзитпол деген бар, өздеріңіз білесіздер. Соның алғашқы анализі бойынша "Nur Otan" партиясы бірінші орында келе жатыр. Заң бойынша барьерден асып кетті. Сондықтан өз басымнан "Nur Otan" партиясын құттықтауға болады, –  деді ол.

Exit poll нәтижесі бойынша "ADAL" партиясы сайлаушылар даусының 3,07 пайызын иеленіп, сайлауға қатысқан бес партияның ішінде соңғы сатыда тұр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сайлау адал партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір