• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:49:41
Алматы
+12°

11 Қаңтар, 2021 Әлеумет

Сайлау өткен мектептерде дезинфекция жүргізілуі керек

Дауыс беру процесін ұйымдастыруда пайдаланылмаған және дезинфекцияны аяқтаған ұйымдарда оқыту 2021 жылғы 11 қаңтарда мектеп қабырғасында (бірінші немесе екінші ауысымда) басталады.

Фото: көрнекі сурет

Сайлау кезінде республикадағы 7 мыңнан астам мектептің 5 522 мектебі сайлау учаскесі үшін пайдаланылды; мектепке дейінгі 6 651 ұйымның 143-і; 644 орта білім беру ұйымының 215-і; 125 жоғары оқу орнының 53-і және 22 мектеп-интернаты мен спорт мектебі, 114 жоғары оқу орнының жатақханалары, сонымен қатар өзге білім беру ұйымдарында орналасқан 12 үйірме нысаны (мектеп оқушыларына арналған сарай, шығармашылық үйі, музыкалық мектептер) пайдаланылды деп жазды санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті.

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыруда және өткізуде COVID-19-дың таралуының алдын алу шаралары туралы» қаулысына сәйкес, сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған білім беру мекемелерінде сайлау аяқталғаннан кейін залалсыздандыру шаралары ұйымдастырылады.

Дезинфекциялық іс-шаралар аяқталған соң мектеп қабырғасында кезекші сыныптар мен 9, 11 сыныптар үшін дәстүрлі форматтағы оқу процесі әр түрлі уақытта (бірінші немесе екінші ауысымда) басталады.

Дауыс беру процесін ұйымдастыруда пайдаланылмаған және дезинфекцияны аяқтаған ұйымдарда оқыту 2021 жылғы 11 қаңтарда мектеп қабырғасында (бірінші немесе екінші ауысымда) басталады.

Дезинфекциялық іс-шаралар аяқталмаған білім беру ұйымдарының оқушылары 11 қаңтарда онлайн форматта, яғни қашықтан оқитын болады.

Осылайша, еліміздің барлық мектептерінде үшінші тоқсан бекітілген кестеге сәйкес 11 қаңтарда қашықтан немесе дәстүрлі форматта басталады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дезинфекция сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір