Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Елдегі БАҚ беттерінде осындай ақпарат тараған. Әншінің өзі аталмыш деректі растап, бұл қызмет оған ұсынылған алғашқы лауазым емес екенін айтты. 

Рас, Шымкент қаласының басшылығы, мәдениет саласының жетекшілері аталмыш қызметті ұсынды. Мен бірден келісе салған жоқпын, басқарма басшылығы маған саланың тыныс-тіршілігімен жете танысуға мүмкіндік жасауда. Қазір сала жұмыстарына зер салып, Мемлекеттік қызметке орналасу үшін тапсырылуға тиіс тестке дайындық үстіндемін. Жазбалардан "заң мен құқықтан хабарсыз" деген пікірлерді көзім шалды. Аталмыш тест барлық заңдық және құқықтық нормативтерді қамтиды. Менің басшылық лауазымға қол жеткізуіме ешқандай конситутициялық шектеулер мен заңды құқығымнан айыру шешімдерінің жоқтығын ескерсек, орынбасар қызметіне тағайындалуым жұртты алаңдатпауы керек деп ойлаймын, – деді Ақбота Керімбекова. 

Әнші 25 жыл үлкен сахнада жүріп, бүтін басқарма жасайтын жұмыстарды, есептік концерттерді бір өзі атқарғанын айтады.

Мүмкіндігімше, мамандығыма адал болып, тыңдарманыма сапалы дүние ұсындым. Соны елдік деңгейде мемлекеттік мүмкіндіктерді пайдалана отырып жалғастыратын кез келген секілді. Бұл қызмет –  маған ұсынылған алғашқы лауазым емес. Бұған дейінгі ұсыныстардан жастығымды, албырттығымды алдыға тарта отырып бас тартқанмын! Қазір менде бәрі басқаша... Менікі "ұялмаған бұйырмағанды алады" емес! Шымкент – менің өз жұртым, туған жерім! Мені іздеп, сенім артып, шақырғандарына шын қуаныштымын, – деді әнші.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір