• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:28:02
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов III тоқсаннан бастап оқыту форматы өзгергенін хабарлады.

–  Мектеп бітіруші сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аралас оқытуға, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін оқу жылының екінші семестрінен бастап штаттық оқытуға рұқсат етілді. Оқушылар бетперде тағу, дәлізде, кабинеттер арасында жүруге шектеу қою, санитайзерлерді пайдалану сияқты барлық сақтық шараларын сақтауы қажет, – деді бас санитар дәрігер.

Сондай-ақ ол қыркүйек айында Англияның оңтүстік-шығыс бөлігінде коронавирустың жаңа штаммының алғашқы жағдайы анықталғанын (MERS-CoV-2 VI 2012/01) айтты. 

– Алдын ала деректер бойынша аталған вирус халықтың жас топтары арасында белсенді таралуда. Бірақ бұл тек алдын ала деректер, оны зерделеу жалғасуда. Қазақстанда вирустың бұл типі анықталған жоқ. Вирустың ауа-тамшы арқылы берілу механизмін ескере отырып, оның елімізге әкеліну қаупін жоққа шығаруға болмайды, – деді Ерлан Қиясов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір