• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:01:08
Алматы
+35°

COVID-19 пандемиясының екінші жылы адамзат үшін бұрынғыға қарағанда ауыр болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Twitter-дегі сұрақ-жауап сессиясында ұйым төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан осылай деп мәлімдеген. Бұл туралы tass.ru сайты хабарлады.

–  Пандемияның  екінші жылы. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, бірінші жылмен салыстырғанда одан да қиын болуы мүмкін, – деді Райан.

Райан ДДСҰ-ға соңғы екі аптада түскен мәліметтер аурудың "қайтадан шыңына жеткенін" көрсеткенін атап өтті. Соңғы аптада әлемде коронавирус инфекциясының бес миллионға жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 85 мыңнан астам адам  қайтыс болған. Аурудың өсуі Батыс Тынық мұхиты аймағында, Африка мен Шығыс Жерорта теңізінде де тіркелді.

Райан "көптеген елдерде инфекцияның көбеюіне әкелетін факторлардың жиынтығын" атап өтті. Оның айтуынша, қазір вирустың таралуының өткен жылдағыдай "драйверлері" бар, бірақ оларға жаңалары қосылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус ДДСҰ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір