• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:41:29
Алматы
+35°

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын партияның мәжілістегі фракциясының жетекшісі лауазымына ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. 

"Фракция отырысы барысында "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын парламент мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды" делінген Айдос Үкібайдың twitter-дегі жазбасында.

Нұрлан Нығматулин бұған дейін партияның мәжілістегі фракциясының жетекшісі әрі мәжіліс спикері болған.

Әлеуметтік желіде мәжіліс спикері болып Нығматулиннің орнына мәжіліс депутаты атанған экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева тағайындалуы мүмкін деген әңгіме тараған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Елбасы Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір