• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:26:50
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2021 Әлеумет

Коронавирус адамға алғаш қалай жұққаны зерттеледі (видео)

Ғалымдар вирустың адамға алғаш қалай жұққанын анықтау үшін күш біріктірді.

Фото: REUTERS / GORAN TOMASEVIC

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары коронавирустың таралуы мен шығуын зерттеу үшін Қытайдың Ухань қаласына келді, деп хабарлады 24.kz.

10 адамнан құралған сарапшылар тобы бір айға жуық уақыт бойы зерттеу жұмыспен айналысады. Арасында АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланд, Катар мен Вьетнам елдерінің вирусологтары бар. Алайда іске кіріспес бұрын мамандар алдымен карантинде отырып шығуы керек. Десе де, кей жұмыстар қытайлық ғалымдармен видеобайланыс арқылы қашықтан пысықталады.

Айта кетейік, күні бүгінде дейін жер жаһанды жайлаған коронавирустың шығу себебі жайында түрлі болжам келтірілді. Бастапқыда вирус Қытайдың Ухань қаласыннан таралды делінсе, кейін аурудың Қытайда тіркелмей жатып, Еуропада шыққаны жайлы да мәлімдемелер жасалды. Енді ғалымдар вирустың адамға алғаш қалай жұққанын анықтау үшін күш біріктірді.

Маргарет Харрис, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:

– Ғалымдар өте күрделі жұмыс атқармақ. Жануарлар мен адамдарға жұққан вирусты толық зерттеу үшін Қытайдың Ухань қаласына аттанды. Індетті ең алғашқы жұқтырған тұрғындармен кездесіп, олардың қайда барғанын, кіммен қарым-қатынаста болғанын анықтайды. Зертханалық жұмыстармен де жақын танысады. Бұл күллі әлемге ортақ мәселе болғандықтан, түрлі елдердің ғалымдары бірлесе жұмыс істеп отыр. Осының арқасында аз ғана уақыт ішінде вакцина шығарылды. Мұның бәрі тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асқан іс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір