• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:00:42
Алматы
+35°

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжілістегі партия фракциясының отырысында парламент мәжілісі сайлауына қатысты ойын айтты.

– Өткен сайлауда қазақстандықтар біздің партияға үлкен қолдау көрсетті. Халықаралық байқаушылар қазақстандықтардың жоғары белсенділігі мен ұйымшылдығын атап өтті. Сайлау ашық және демократиялық өтті. Әдеттегідей, сіздер біздің нағыз істің партиясы екенімізді растай аласыздар деп, – деді елбасы.

Соңында экс-президент барлық қатысушыларды өткен сайлаудағы сенімді жеңісімен тағы да құттықтап, фракция мүшелері – депутаттарға жұмыстарының жемісті және өнімді болуын тіледі.

– "Nur Otan" депутаттық фракциясы әрқашан парламенттегі жетекші саяси күш болып келді. Алдағы уақытта да осылай болатынына сенімдімін, – деді Назарбаев.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір