• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 01:17:09
Алматы
+35°

Үкімет пен ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің бірінші сессиясында айтты.

– Әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекс осы маңызды саланың өзекті мәселелеріне кешенді жауап береді. Әлеуметтік инфрақұрылымның тағы бір басты элементі – отандық зейнетақы жүйесі. Ол әділ, тұрақты, адамдардың мүдделеріне сай болуы керек, – деді ол.

Президент парламенттің жаңа мүшелерінен әлеуметтік саясатты жетілдіру жөнінде белсенді жұмыс күтетінін атап айтты.

– Біз өте маңызды реформаны – зейнетақы активтерін ішінара алу және пайдалану мүмкіндігін іске қостық. Сонымен қатар, азаматтарға өз жинақтарын түрлі құралдар арқылы басқаруға мүмкіндік беру қажет. Үкімет пен ұлттық банк зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Оны іс жүзінде іске асыру сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді талап ететіні анық. Жалпы парламенттің жаңа мүшелерінен әлеуметтік саясатты жетілдіру жөнінде белсенді жұмыс күтемін, – деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев зейнетақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір