• USD 427.15

  • EUR 519.12

  • RUB 5.96

  • CNY 66.84

12 Маусым, 19:51:54
Алматы
+20°

Алматы облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталовтың және партия филиалы Саяси кеңес Бюросының ұсынысымен Алматы облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне 15 қаңтар күнгі өткен облыстық мәслихат сессиясында Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев сайланды.

Облыстық мәслихат сессиясының отырысында өңір басшысы Амандық Баталов жаңа маслихат хатшысын құттықтап, VII шақырылымның алғашқы сессиясында халық қалаулыларына табысты жұмыс атқаратуға сәттілік тіледі.

Жанболат Әкебайұлы Кеген ауданында Қарқара ет және сүт совхозында қызметкер жұмысынан бастап, әр жылдары Талғар ауданында ауыл әкімшілігінде жұмыс істеп, бірқатар аудан-қала орталықтарында әкім орынбасары қызметтерін атқарды. «Еділ Ақсу», «Ақсу», «Қарасай құрылыс» ЖШС мекемелерінде жауапты басшылық қызметтерін жүргізді. Соңғы қызметі 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір