• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:36:01
Алматы
+35°

Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыc жасағандардың жазасы күшейтілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрлікте өткен онлайн брифингте хабарлады. 

Бұл өзгеріс 11 қаңтардан бастап заңды күшіне енді.

– Балаларға қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың кез келген түріне жауапкершілік қатаңдатылды. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" қылмысы бойынша айтар болсақ, төменгі шегі 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға өзгертілді. Ата-анасының, өгей әкесінің, педагогтің осындай қылмысқа барғаны үшін санкция 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл норма бойынша 12-17 жыл бекітілген еді, – деді Нұрділдә Ораз.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қылмыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір