• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:14:28
Алматы
+35°

АҚШ президенті Дональд Трамп президенттіктен кетер алдындағы қоштасу сөзін айтты. "Біз жасау керек істің бәрін жасадық және өте көп жасадық" деп мәлімдеді. YouTube-те жарияланған видеода ол "қатал шайқастарды, ең ауыр жекпе-жектерді" қабылдағанын айтып, "сіздер мені сайладыңыздар" деді.

Трамп қарашадағы сайлаудың нәтижесінде демократ Джо Байденнен жеңілгенін әлі де толықтай қабылдамады. Байден сәрсенбіде президент ретінде ант береді.

Инаугурация қарсаңында Байден Ковид-19-дан қайтыс болған 400 мың америкалықтарға құрмет көрсетті. Пандемиядан қайтыс болғандарға құрмет көрсету үшін Вашингтондағы Линкольн мемориалының алдында 400 шам жағылды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп қоштасу сөзі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір