• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:56:44
Алматы
+35°

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылы қанша ақша жинағанын жариялады.

Қор баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2021 жылғы 1 қаңтарда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 12,9 триллион теңге жиналған. Бір жылда 2,1 трлн теңгеге (20%) көбейді.

"Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталып, оның мөлшері 12,6 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 315,3 млрд теңгеге, ал ерікті зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге жетті" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шотына жалпы көлемі 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары аударылды, ол 2019 жылғы көрсеткіштен 94,8 млрд теңгеге немесе 10% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 1,04 трлн теңге мөлшеріндегі түсім (өсім 10%) бар. 46,9 млрд теңгенің аударымы МКЗЖ бойынша (өсім 8%) жасалса, 539 миллион теңге ЕЗЖ бойынша (өсім 51%) аударылған.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылдың 1 қаңтарында 11,6 миллионға жетті. Шоттардың басым бөлігі міндетті зейнетақы жарнасы бойынша ашылған, олардың саны – 10 981 218 (өсім – 11%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен қалыптастырылған шоттар – 528 283 (өсім – 4%). БЖЗҚ-дағы ерікті зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоттардың саны қазір 57 645 бірлік (өсім – 6%).

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір