• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:17:20
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, марапаттау рәсімі барысында Тоқаев екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды, сондай-ақ, достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі еңбек сіңіргені үшін Ресей елшісі Бородавкинге Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасын табыстап отырғанын атап өткен.

– Сіз халықаралық қатынастар мәселелері бойынша білікті маман ретінде дипломатиялық орталарда танымалсыз. Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі ретінде мемлекеттеріміз арасындағы достықтың тұрақты болуына, мәңгілік сипат алуына зор күш салып келесіз. Сіздің атқарған үлкен әрі ауқымды жұмысыңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сонымен қатар сіз жақында ғана жеке өміріңіздегі елеулі мерейтойлық датаны атап өттіңіз. Бұл – керемет мерейтой. Аталған марапат та осы айтулы оқиғаға орай беріліп отыр, – деді мемлекет басшысы.

Алексей Бородавкин Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтас қатынастары мен интеграциялық байланыстарды дамытуға және нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Мен бұл марапатты елдеріміз арасындағы байланыстарды дамытуға жеке өзімнің ғана емес, сондай-ақ Қазақстан бағытында еңбек етіп жатқан барлық ресейлік дипломаттардың, ең алдымен, елшіліктегі әріптестерімнің қосқан үлесіне берілген баға деп санаймын. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің одақтастық, интеграциялық байланыстарымызды одан әрі жоғары әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерімді жұмсай беретінімді нық сеніммен айтамын, – деді Бородавкин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір