Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға 21 қаңтарда Қарағанды-Балқаш тас жолында болған. 59 жастағы Shacman көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып, 35 жастағы полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан ВАЗ автокөлігінің ішінде болған 30 жастағы полиция қызметкері мен 46 жастағы облыс тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Ал көлік жүргізіп келе жатқан 35 жастағы полицей түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір