• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:50:28
Алматы
+35°

Үндістанның батысында орналасқан әлемдегі ең ірі вакцина дайындайтын Серум институты өртке оранды.

Өрт құрылысы аяқталмаған ғимаратта басталған. Компания қызметкерлерінің айтуынша, өрт вакцинаға зиян тигізбеді. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Өрт салдарынан бес адам қаза тапты.

"Біз қазір ғана қайғылы жаңалықты естідік. Адам шығыны бар екен. Қайтыс болған адамдардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз", деп жазды институт басшысы Адар Понауала (Adar Poonawalla) твиттер парақшасында.

Институт басшысы өрт  жергілікті тұрғындарға "Ковишелд" атауымен танымал  (Covishield) Оксфорд-Астразенека (Oxford-AstraZeneca) вакцина өндірісін тоқтата алмайтынын да атап өтті. Себебі төтенше жағдай үшін арнайы қосымша ғимараттар салынғанын жеткізді. Халықты Оксфорд-Астразенека вакцинасымен вакцинациялау өткен аптада басталды.

Тамыздың басына дейін 300 миллион адамға вакцина салу жоспарланған. Оксфорд-Астразенека вацинасын басқа елдер де Серум институтында жасайды.

Үндістан коронавирус инфекциясымен ауырғандар мен одан қайтыс болған адамдар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орын алады. Джон Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, Үндістанда пандемия басталғаннан бері 10.6 миллион адам коронавируспен ауырған. 153 мың адам коронавирустан қайтыс болды.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір