"Ухань қаласының билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын ертерек хабардар етіп, сарапшылар тобына 2019 жылдың желтоқсанында тергеу жүргізуге рұқсат берген болса, коронавирус пандемиясына тосқауыл қоюға болар еді" дейді Тайваньның бұрынғы вице-президенті және денсаулық сақтау министрі доктор Чен Чиен-джен.

"Ашықтық пен жариялылық инфекциялық аурулардың алдын алу үшін өте маңызды" деді доктор Чен Әл-Жазираға берген сұхбатында.

"Егер Уханьдағы жағдай туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына өте жақсы хабар беріліп, ДДСҰ арнаулы топ құрып, 2019 жылдың желтоқсан айының ортасында Уханьға барса, аурудың алдын алуға болар еді және басқа елдер зардап шекпес еді" дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір