• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:38:52
Алматы
+35°

БҰҰ Бас ассамблеясы бейсенбіде діни орындарды бүлдіру мен қиратуды айыптайтын қарар қабылдады және бас хатшыдан діни орындарды қорғауға қоғамдық қолдау көрсету үшін ғаламдық конференция шақыруды сұрады.

Резолюция мәдени құндылықтарды, оның ішінде діни орындар мен ғұрыптық нысандарды террористік актілер мен заңсыз қарулы жасақтардың мақсатты түрде бүлдіруі көбейіп кеткенін айыптайды.

Резолюцияны Сауд Арабиясы ұсынды және оған араб елдері, соның ішінде Египет, Ирак, Иордания, Кувейт, Йемен, Бахрейн, Судан, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері және Палестина қолдау білдірді. Бангладеш, Орталық Африка Республикасы, Экваторлық Гвинея, Мавритания, Марокко, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Венесуэла да демеуші болды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҰҰ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір