• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:51:48
Алматы
+35°

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Семей қаласының әкімі қызметіне Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды.

Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек қызметін институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылордадағы №172 орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы №9 орта мектепте жұмысын жалғастырды.

1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, Төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы болды.

2006-2007 жылдары ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, Министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

2007-2010 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болды.

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, ал 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2015-2018 жылдары ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір