• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:56:18
Алматы
+35°

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды. Бұл туралы БЖЗҚ-ның ресми сайты хабарлады.

"Бүгін сағат 09.00-ден бастап enpf-otbasy.kz арнайы сайты іске қосылды. Портал тұрақты істеп тұр. Өтінімді ноутбук/компьютер арқылы жолдауға болады. Смартфон арқылы өтінім берілмейді. Өтінімді жолдау үшін ЭЦҚ болуы керек" делінген хабарламада.

– Осы бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтар бірыңғай зейнетақы жинағы қорындағы өзінің жинағын есептеуі керек. Одан кейін «Отбасы банкінде» немесе өз қалауы бойынша екінші деңгейлі банктерден арнайы шот ашуы керек. Үшінші қадам: 23 қаңтардан, сағат таңертеңгі 09.00-де «Отбасы банкте» порталы ашылды. Сол порталға азаматтар өзінің электронды қолтаңбасы арқылы кіреді. Ол порталға азаматтар жеткілікті деңгейден артық соманы қай мақсатқа пайдаланатынын көрсетіп, өтінім береді. Ал өтінім зейнетақы қорына жолданады. Бес күннің ішінде ол жақтан жауап келіп, мақұлданғаннан кейін азамат «Отбасы банктің» порталы арқылы растайтын құжаттарды тіркеп, арнайы есепшотындағы ақшаны өзі көрсеткен реквизиттер бойынша сатып алушыға, не болмаса ипотеканы өтеуге жолдайды, – деді "Отбасы банкі" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір