• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:12:58
Алматы
+12°
"Қазгидромет" Қазақстанның солтүстігінде 40 градус аяз болады деп хабарлады. Кей өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін. Атырау облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, Жамбыл облысында екпіні күндіз 15-20 м/с,  23-28 м/с жететін жел соғады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде 40 градус қатты аяз болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір