• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:58:39
+35°

Калифорния штатындағы Плейсер округі шерифінің кеңсесіндегілер америкалық азаматтың коронавирус вакцинациясынан бірнеше сағат өткен соң қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, АҚШ тұрғыны 21 қаңтар күні қайтыс болған. 

"Плейсер округі шерифі кеңсесінің коронавирус бойынша денсаулық сақтау қызметі және бөлімшесіне желтоқсанның соңында COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен адамның өлімі туралы хабарлама түсті. Ол 21 қаңтарда қайтыс болған. Оған дейін бірнеше сағат бұрын COVID-19-ға қарсы вакцина салынған" делінген кеңсенің Facebook парақшасында.

Департамент өлімнің себептері туралы айтуға әлі ерте екенін, тергеу жергілікті, федералды және мемлекеттік деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ марқұм вакцинацияны округтің денсаулық сақтау департаментінде алмаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір