• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:36:29
Алматы
+35°

"Тайвань Қытай әскери ұшақтарының екінші күн бойы үлкен көлемде шабуыл жасағаны туралы хабарлады. Бұл АҚШ президенті Джо Байденнің қызметке кіріскен алғашқы күндеріне сәйкес келді" деп жазды BBC.

Әскери операцияға 15 соғыс ұшағы қатысты. Көп өтпей Вашингтон тарапы қатаң ескерту жасады.

Бейжің демократиялық Тайваньды Қытайдың бөлінген провинциясы деп санайды, ал Тайвань өзін егемен мемлекет деп есептейді.

Сарапшылардың айтуынша, Қытай Байденнің Тайваньды қолдау деңгейін тексеріп жатыр.

Байден биліккен келгеннен кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Тайваньды қорғауға көмектесу туралы "берік міндеттемесін" растады. Ал Қытай үкіметі тарапынан ресми жауап болған жоқ.

Қытай соңғы айларда Тайваньның оңтүстік бөлігі мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі Тайвань бақылауындағы Пратас аралдары арасындағы теңіз үстінде тұрақты рейстер жасады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Тайвань

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір