• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:52:13
Алматы
+35°

"Қытай мен Үндістан әскерлері даулы шекара аймағында қайтадан қақтығысты. Екі жақтан да жарақат алғандар бар" деп хабарлады The Time of India.

Ақпаратқа сәйкес, қақтығыс солтүстік Сиккимде болған.

Даулы шекара аймағында болған қанды қақтығыстан кейін екі ел арасындағы шиеленіс күшейе түскені хабарланды.

Маусым айында Ладак аймағында болған қақтығыста кем дегенде 20 үнді сарбазы қаза тапқан. Қытай шығынға ұшырағандар туралы хабарламаларға түсініктеме берген жоқ.

"Соңғы оқиға Сиккимдегі Наку Ла асуында болды" деп хабарлады БАҚ.

Үндістан мен Қытайды әлемдегі ең ұзақ даулы шекара бөліп жатыр. Екі тарап та бір-бірінен үлкен аумақты талап етеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай Үндістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір