• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:21:47
Алматы
+35°

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2021 жылдың 1 қаңтарында қанша ақша жинағанын жариялады.

Қор баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2021 жылдың 1 қаңтарында қор салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге жиналған. Жыл бойы, яғни 01.01.2020 жылдан бастап 01.01.2021 жылға дейін сома 2,1 трлн теңгеге (20%) көбейген.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы:

  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен – 12,6 трлн теңге (2020 жылдың басынан бергі өсім – 19%);
  • Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен – 315,3 млрд теңге (өсім 28%);
  • Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен – 2,2 млрд теңге (өсім 12%).


"2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары аударылды, ол 2019 жылғы көрсеткіштен 94,8 млрд теңгеге немесе 10% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 1,04 трлн теңге мөлшеріндегі түсімдер (өсім 10%) құрайды. 46,9 млрд теңгенің аударымы МКЗЖ бойынша (өсім 8%) жасалса, 539 миллион теңге ЕЗЖ бойынша (өсім 51%) аударылған" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір