• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:15:31
+35°

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин биыл 1 миллионнан астам адамның жалақысы өсетінін айтты, деп хабарлады Kazinform сайты.

Премьер-министр 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шарасымен қамтылатынын айтты.

– Үкімет биыл халықты жұмыспен қамту және табысын арттыру мақсатында кешенді шараларды айқындады. 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендетеді. "Жұмыспен қамту жол картасы" жұмысы жүзеге асырылуын жалғастырады. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі. Еңбек нарығын жаңа жағдайға бейімдеу үшін жұмыспен қамтудың жаңа түрлері енгізіледі, – деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, экономикада құрылатын жұмыс орындары есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол карталары жасалады. Еңбек нарығын дамытудың 2021-2027 жылдарға арналған жоспары әзірленеді.

– Биыл бюджет саласындағы 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы өседі, – деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мамин жалақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір