• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:53:58
Алматы
+35°

"2 миллиард долларға бағаланған казино компаниясының бас директоры әйелімен бірге COVID-19 вакцинасын тезірек ектіру үшін дұрыс емес ақпарат берді"  деген айып тағылғаннан кейін жұмыстан кетті.

"The Great Canadian Gaming" казино корпорациясының қызметкері Род Бейкер мен оның әйелі Екатерина ертерек вакцина ектіру үшін алыстағы Юкон территориясына барған. "Көптеген байырғы америкалықтар тұратын аймақта вакцинация кезегінің жылжу жылдамдығы Канаданың басқа аймағынан тезірек" делінген деректерде.

Ерлі-зайыптылар өздерін шағын қонақүйдің жұмысшылары ретінде таныстырған.

АҚШ-тың Аляска штатымен шекаралас Бивер-Крик шағын қоғамдастығында вакцина еккізген соң казиноның бас директоры тікелей әуежайға апаруды өтінген. Олардың бұл әрекеті күдік тудырған соң, тексеру басталып, нәтижесінде тезірек вакцина алу үшін ерлы-зайыптылардың жалған ақпарат бергені анықталған. 

"Мені осындай өзімшіл мінез-құлық ашуландырды" деді Юконның Қоғамдық қызметтер министрі Джон Стрейкер.

Жергілікті байырғы ұлттың көшбасшысы Анджела Демит өзінің Facebook парақшасында "өзімшіл адамдар біздің қарттарымыз бен денсаулығы әлсіз адамдарымызды қауіпке қалдырды" деп жазды.

Ал ереже бұзған ерлі-зайыптыларға Ванкувер қаласынан Юконға келгеннен кейін 14 күн өздерін оқшауламағаны үшін айыппұл салынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Канада вакцина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір