• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:39:11
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейтінін айтты.

– Биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді.

Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм рухын дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттілігіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет, – деді ол.

Президент өз сөзінде "біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру" екенін жеткізді.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір