• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:22:43
Алматы
+35°

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин ұлттық бірыңғай тесттілеу толық электрондық форматқа өтетінін хабарлаған болатын. 

Биыл оқушылар ҰБТ-ны компьютермен арнайы тестілеу орталықтарында тапсырады, деп хабарлады sputnik.kz

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов электрондық форматқа өту туралы толығырақ айтып берді.

Оқушылар Face-ID (адамның бет әлпеті арқылы тану) арқылы тестке жіберіледі, яғни ешкім оқушы орнына тест тапсыра алмайды. 

Компьютерге прокторинг жүйесі орнатылады (прокторинг - веб камера арқылы тест тапсырушының жүзін экранға келтіріп, түзу отыруын қадағалайтын бағдарлама).

Бақылау камерасы арқылы әр оқушы бақылауда болады. 

Электрондық ҰБТ-да тест аяқталғанша жауапты өзгертуге болады. 

ҰБТ нәтижесін оқушылар бірден біледі. Бұрынғыдай кешке дейін күтудің қажеті жоқ. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҰБТ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір