Қазнет қолданушылары "коронавирус" сөзінің мағынасы туралы теорияны талқылауда. Егер оны латын әріптерімен оңнан солға қарай жазып, үшке бөлсе, шыққан сөз хинди тілінен "Шығыс және көз" немесе "Күн мен көз" деп аударылады. Кейбір қастандық теорияларын жақтаушылардың пікірінше, бұл әлемдік қастандық теориясын және Sars-CoV-2 вирусының қолдан жасалғанын дәлелдейді. Шын мәнінде, бұл олай емес, деп хабарлады Stopfake.

Сайт мәліметінше "Күн мен көз" тіркесін "көреген көз" масон символының сипаттамасы ретінде түсіндіруге болатынына қарамастан, оның құпия қоғамға ешқандай қатысы жоқ.

Біріншіден, масоншылдық Үндістанда емес, Еуропада, XVI ғасырдың соңында пайда болды, Қауымдастық мүшелері құпия хабарламаларды хинди тілінде емес, еуропалық тілдердің бірінде шифрлаған деп болжау қисынды.

Екіншіден, кейбір сөздерді оңнан солға және солдан оңға қарай оқуға болатыны жаңалық емес. Олар палиндромдар деп аталады және барлық тілдерде бар. Сонымен қатар, егер онлайн-аудармашы жолына кез келген сөзді кері жазсаңыз, қалыптасқан әріптер жиынтығының, әлем тілдерінің, кем дегенде, бірінде мағынасы мен аудармасы болуы мүмкін. Мысалы, орысша "суп" сөзі, кері жазғанда, румын тілінен аударғанда "қою" дегенді білдіреді, ал кері жазылған "сахар" сөзі эстон тіліндегі "ақшаға" сәйкес келеді. Мұның бәрі жай сәйкестік қана.

Үшіншіден, "коронавирус" туынды сөз және екі бөліктен тұрады – "корона" және "вирус". "Вирус" сөзі алғаш рет 1728 жылы қолданысқа енгізілді. Латын тілінен аударғанда вирус – "улану" деген мағынаны береді. "Корона" сөзі вирустың айналасындағы тәжге ұқсас тікенектерге байланысты қосылды. Айта кетейік, алғашқы коронавирус 1931 жылы анықталып, осылай аталды. Табылған штамм тауықтарда тыныс алу жолдары ауруын тудырды. Бұл қазіргі COVID-19 пандемиясымен, масондардың қастандық теориясымен және әлемдік үкіметпен байланысты емес.

Төртіншіден, SARS-CoV-2 коронавирусының қолдан жасалғандығы туралы теориялар бірнеше рет теріске шығарылған болатын. Бұл штамм оқшауланған және анықталған, оның геномы жалпыға қолжетімді. Ғалымдар оның табиғи шығу тегімен келіседі, оны штамм мутациясынан байқауға болады.

Қорыта айтқанда, оңнан солға жазылған "Коронавирус" сөзі аудармасының масондық қастандық теориясымен байланысы болуы екіталай. Мұны сәйкестік деп те айту қиын. Вирустың қолдан жасалғаны туралы болжамдар толығымен ғылымға қарсы және оны мамандар бірнеше рет жоққа шығарды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: масон коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір