• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:35:11
Алматы
+35°

Алматыда карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.

Жаңа қаулыға сәйкес: 

  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • Сауналардың, СПА-орталықтар, бассейндердің күнделікті жұмысын сағат 8.00 ден 21.00-ге дейін шектей отырып, сенбі - жексенбі күндері қызметіне тыйым салынады;
  • СОСО мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фудкорттардың жұмысы 7:00-20:00-ге дейін шектеледі;
  • Коронавирустық инфекцияның барлық нысандарындағы науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады;
  • мәдениет обьектілерінің, театрлардың, кинотеатрлардың жұмысы тоқтайды;
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі;
  • 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға баруға рұқсат беріледі;
  • Ұжымдық іс-шараларды (намаз оқу және құлшылық ету) өткізбеген жағдайда діни объектілердің қызметіне рұқсат етіледі;
  • Мектепке дейінгі мекемелердің қызметі тоқтайды;
  • Жабық базарлардың жұмысы сағат 17:00-ге дейін шектеледі. Сенбі және жексенбі күндері тыйым қызметі тоқтатылады. Жексенбі күндері ашық базарлардың жұмысы шектеледі;
  • Жұмыс күндері СОСО, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады. Сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салынады.

Сонымен қатар, технологиялық процес жұмысшылары мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен объектілердің, өнеркәсіптік, құрылыс және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін қоспағанда, адам саны 20 және одан көп ұйымдар жұмысшыларының 80%-ын қашықтан жұмыс режиміне көшіреді.

Қаулы 2021 жылғы 1 ақпанда сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір