• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:00:41
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысында үкіметке алдағы халық санағына қатысты бірқатар тапсырма жүктеді. 

Мемлекет басшысы халық санағы тұрғындардың нақты санын, оның жас және гендерлік құрамын, урбанизация деңгейін, табыс көлемі мен басқа да маңызды талдау деректерді анықтап, тексерілген әрі дәйекті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Тоқаев аталған шарадан мейілінше мол мағлұмат алу үшін сауалнаманың мазмұнына көңіл бөлу қажет екенін айтты.

Бұл ретте президент азаматтарға аса көп сауал қоймауды және санақты өткізудің оңтайлы жолдарын пайдалануды, оның ішінде, пандемияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеулерді ескере отырып, цифрлық технологияларды кең қолданған жөн деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке премьер-министрдің бірінші орынбасарының төрағалығымен арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

Аталған топ ұйымдастыру және негізгі мәселелерді шешумен, сондай-ақ, дайындық жұмыстарын үйлестіріп, оны іске асырумен айналысады.

Айта кетейік, ұлттық санақ осы жылдың қазан айында өткізіліп, ал 2022 жылдың ортасына қарай үкімет нақты мәліметтерді жариялауы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір