• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:01:55
Алматы
+35°

Батыс Қазақстан облысында бес көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді.

Оқиға бүгін шамамен сағат 10:39-да Ақжайық ауданы Алғабас ауылының маңында болған.

Lada granta, Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ-2114 және Chevrolet Aveo автокөліктері бір-біріне соқтығысқан. Салдарынан Lada granta автокөлігінде отырған жолаушы қайтыс болды.

Сондай-ақ түрлі жарақат алған 3 адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҚО Қазақстан жол

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір