• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:38:19
Алматы
+35°

Денсаулық – зор байлық. Денсаулықтың қадірін бірі білсе, бірі білмес. Бүгінде жас ұрпақтың арасында денсаулығын бағаламай, қатерге тігетіндер күн санап өсіп жатыр. Бұл – үлкен қателік. Сол адамдарға "Қателікке бой алдырмай, алдыңа мақсат қой, арманыңа ұмтыл" дер едім.

ХХІ ғасырдың басты індеті – есірткі. Есірткі – адамды ессіздікке апаратын, өзіне тәуелді ететін, жүйке жүйесіне әсер ететін химиялық зат. Жастардың осы індетке әуестенуі қазіргі кезде үдеп бара жатыр. Осы орайда, есірткіні жастар не үшін, не себепті қолданады екен деген ой туындайды.  Меніңше, жасөспірімдер мен жастардың ата-ананың қарауынсыз қалуы мен өзгелерге еліктеуі сияқты. Себебін іздей берсең, өте көп. Сол жеткіншектердің болашағы не болмақ?! Бұл құрдымнан бас көтеріп шыға алар ма екен?!

Менің ойымша, бұл кеселге ұшыраған жасөспірімге тек ата-анасы және арнайы емдеу орталықтары көмектеседі деп ойлаймын.

Әрбір жастың өмірі – өз қолында. Адамдар өмірге мақсат қоя білсе, арманына жете алады. Бұл жолда ата-ана үнемі қолдау көрсетіп, ілтипат білдіріп отырса, нұр үстіне нұр болар деп есептеймін. 

Ей, құрдасым,сырласым,

Сен өмірдің гүлісің!

Сен өмірдің нұрысың!

Ұмытпағын, бұны, шын!

 

Әуестенбе, бұл кеселге, аулақ бол!

Дарынды бол, мақсатты бол, озат бол!

Арманыңа жетелейді тек сені,

Білім ғана, басқалардан сен сақ бол!

 

Дарасың сен, данасың сен, тұлғасың,

Ата-анаңның шырағысың, құрдасым!

Мақсатыңа, арманыңа ұмтылсаң,

Сенен артық болмас, сірә, тұлға шын!

Аскерова Альбина,

6-сынып оқушысы

Қызылорда облысы,

Төретам кенті,

№80 мектеп-гимназиясы

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есірткі жастар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір