• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:24:40
Алматы
+35°

Аттестаттауға құжаттарды тапсыру процесін электронды форматқа көшіру керек. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты.

– Аттестаттау – педагогтардың көп көтеретін мәселесінің бірі. Күні кеше жиналыста аттестаттауға құжаттарды тапсыру процесін электронды форматқа толығымен көшіруіміз керек екенін талқыладық. Жалпы мұғалімдер аттестаттауға қатысу үшін өздерінің ұлттық білім беру деректер қорындағы (НОБД / ҰББДҚ) портфолиосының бетіне әлеуметтік желідегідей барлық ақпаратты жинауға тиіс. Олар ештеңені тапсырмауы керек. Біз әр мұғалімнің өзінің портфолиосын автоматты түрде алып, тиісті аттестаттаудан өткізетіндей жағдай жасауымыз керек. Бұл мәселенің бәрін биыл бітіруіміз керек, – деді министр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір