Басылым ажырасқысы келіп жүрген әйелдің сауалын жариялап, оған заңгер жауабын ұсынған. Сауал жолдаған келіншек ажырасса кредитті қайтару өзіне де міндеттеле ме деп қорқатытын, күйеуі әлденені төлеп жүргенін, баламен отырғандықтан күйеуінің сауық-сайранын төлеуге шамасы келмейтінін айтқан.
Заңгердің айтуынша, күйеуі банктің берешек бөліміне несиені бөліп төлеу туралы арыз жазуға құқылы. Банк алдындағы қарыз некеде тұрған кезде алынғандықтан ортақ болып саналады.
"Қарызды бөлу – некеде тұрған кезде де, ажырасқаннан кейін 3 жылға дейін де жүзеге асырылуы мүмкін. Алайда күйеуі кредитті бөлу туралы арызданғанда қарыз құралы отбасы қажетіне ортақ жұмсалғанын дәләлдеуі керек. Олай болмаған жағдайда сот оның талабын қабылдамауы мүмкін" делінген заңгер жауабында.
Пікір қалдыру
пікір