• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:10:03
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешов пара алу дерегімен қамауға алынғанын растады.

"Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады" делінген агенттік хабарламасында.

Бұған дейін Алматы облысы жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары аудан әкімі Серікжан Ерекешевті пара алды деген күдікпен ұстағаны хабарланған.

Шенеунік мердігер ұйым директорынан орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі қызметіне 2020 жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.

 
 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір