• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:54:05
Алматы
+35°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тергеушілер тобы сәрсенбіде Ухань вирусология зертханасына барды. Кейбір сарапшылар "коронавирус сол зертханадан бастап таралған" деп болжайды. 

ДДСҰ тергеушілері өткен аптада 14 күндік карантин мен бюрократиялық кідірістен кейін Қытайдың орталық қаласында зерттеу жұмыстарын бастады. Олардың жұмысы Қытайдың өзінде де,  өзге елдерде де қатты бақылау мен саяси қысымға ұшырады.
Уханьдағы вирусология институтының зертханасы және оған қатысты бірнеше орын пандемияның көзі ретінде болжанып, даулы мәлімдемелерге себеп болған. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп әкімшілігінің шенеуніктері зертхананы "коронавирустың шығу тегі болуы мүмкін" деп жариялаған.
Қытай Ғылым Академиясы иелігіндегі зертхана Бейжіңнің тікелей бақылауында және елдегі ең жоғары деңгейде жабдықталған жалғыз биологиялық зерттеу орталығы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ДДСҰ коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір