• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 22:56:28
Алматы
+12°

Коронавирус вакцинасы "халал" ма? Бұл сұраққа Қазақстанның бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов жауап берді.

– Вакцинаның халал не харам екенін айтудың өзі медицинада қарастырылмайды. Көптеген ислам мемлекеттерінде вакциналау жоспарланған. Осы вакциналарды әзірлеу бүгінгі күні өте күрделі жағдайда жүргізілетіні және олардың шұғыл қажеттігі де ескеріледі. Өйткені бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондай-ақ осы инфекциядан қайтыс болу қаупі де өте жоғары. Сондықтан бұл вакцина халал ма, жоқ па деген сұрақ осы уақытқа дейін қарастырылмады, – деді бас санитар дәрігер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: вакцина халал

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір